ЕҚЫҰ Орхусс ковенциясы ережелерін Қазақстанда іске асыру жөніндегі дөңгелек үстелді және тренингті қолдауда
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі 2019 жылғы 9 және 10 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында өткен Орхусс конвенциясы ережелерін Қазақстанда іске асыру мәселелерін талқылау жөніндегі дөңгелек үстелді қолдады.
Іс-шараға Қазақстанның Экологиялық кодексіне енгізілуі жоспарланған түзетулерді және Орхусс конвенциясын іске асырудағы қазіргі олқылықтарды, оған қоса Шығарындылар және ластағыштарды тасымалдау тіркелімдері (ШЛТТ) туралы Хаттама мен Генетикалық Модификацияланған Организмдер (ГМО) туралы Түзетуді талқылаған 60-қа жуық мемлекеттік органдардың, Орхусс орталықтарының және еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі экологиялық ҮЕҰ өкілдері қатысты. Сондай-ақ олар Орхусс конвенциясын бұзу жағдайларымен байланысты шағымдарды қарап, қоршаған орта мәселелері бойынша қоғамдық тыңдалымдарды жүргізу кезіндегі проблемаларды шешу жөнінде пікір алмасты. Дөңгелек үстелдің қарсаңында ақпаратқа қолжетімділікті кеңейтуге және қоршаған орта мәселелеріне қатысты шешім қабылдау үдерісіне қоғамның қатысуына арналған тренинг ұйымдастырылды.
2003 жылы Киевте қабылданған ШЛТТ Хаттамасы шығарындылар және ластағыштарды тасымалдау жөніндегі заңдық міндеттейтін құжат болып табылады. Ол тараптардан ластағыштар туралы ақпаратты қамтитын көпшілікке қолжетімді тіркелімдерді белгілеуді талап етеді. ГМО туралы түзету қоғамның ГМО қасақана шығаруға қатысты шешімдерді қабылдауға қатысуына қатысты талаптарды көздейді және қоғамның ГМО жөнінде шешімдерді қабылдауға тиімді қатысуын қамтамасыз ету үшін реттеудің нақты шектерін қамтамасыз етеді.
Дөңгелек үстелді Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Бұл іс-шара Бағдарламалар офисінің тиісті экологиялық басқаруды ілгері жылжытудағы және қабылдаушы мемлекетке оның Орхусс конвенциясы бойынша міндеттемелерін орындауына көмек көрсетудегі көпжылдық қызметінің бір бөлігі болып табылады.