Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты ЕҚЫҰ қолдауымен БАҚ өкілдеріне арналған семинардың басты назарында
2019 жылғы 22 сәуірде Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы практикалар мен Қазақстанның халықаралық рейтингтерде орны негіздері бойынша оқыту семинары өткізілді.
Бұл семинарға Алматы қаласындағы бұқаралық ақпарат құралдарының 25-ке жуық өкілі қатысты.
Аталған іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Семинарға қатысушылар елімізде жүргізіліп жатқан реформалармен және үкіметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатымен танысты. Бұл ақпарат Қазақстанның жемқорлыққа қарсы іс-қимылын бағалайтын халықаралық рейтинг агенттіктерінің жұмысы туралы презентациялармен толықтырылды. Сарапшылар Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің құрамына кіруі және Ыстанбұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстарды жүзеге асыру жөніндегі жоспарларын қарастырды.
Ыстанбұл Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары - бұл 2003 жылы ЭЫДҰ-ның бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан аймақаралық сараптама бағдарламасы. Бағдарлама бойынша желі мүшелері БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын орындау бойынша тұрақты негізде тексеріледі. Қазақстан үшін ағымдағы бағалау келесі айда жүргізіледі.
Оқыту семинары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағдарланған тиісті басқаруға қолдау көрсету бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады. Ол 2019 жылдың ақпан айында астаналық БАҚ өкілдері үшін арналған осындай іс-шараның жалғасы болып табылады.