ЕҚЫҰ Қазақстанда журналисттерді интернеттегі БАҚ-тың құқықтық реттелуі бойынша оқытуда
Интернеттегі БАҚ-тың құқықтық реттелуінің механизмдері мен сандық қауіпсіздігі жөніндегі семинар 2019 жылғы 19 сәуірде Павлодарда ЕҚЫҰ қолдауымен өтті.
20-ға жуық журналисттер пен блогерлер интернеттегі БАҚ-тың құқықтық реттелуінің тәжірибелік және заңдық аспектілерін қоса алғанда БАҚ саласындағы ұлттық және халықаралық стандарттарымен танысты. Іс-шара ақпаратқа қол жетімділік, тордағы пікір білдіру еркіндігін шектеу, жеке мағлұматтарды қорғау, факт-чекинг пен ақпараттың әртүрлі сандық көздерімен жұмыс жасау, сондай-ақ БАҚ саласындағы азаматтық құқықтарды қорғау бойынша сессиялардан тұрды. Ұлттық сарапшылармен бірге қатысушылар өшпенділік тіліне жол бермеу бойынша соттық істерді және ашық үкіметтің ақпараттар базасымен жұмыс құралдарын зерттеді.
Семинарды Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен «Құқықтық медиа-орталық» үкіметтік емес ұйымы ұйымдастырды. Алдағы семинарлар Ақтөбеде 2019 жылғы мамыр айында және Талдықорғанда 2019 жылғы маусым айында өтетін болады.
Іс-шара ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ еркіндігін және сөз еркіндігін ілгерілету бойынша Офис жұмысының бір бөлігі болып табылады.