ЕҚЫҰ Қазақстанда шиеленіс келіссөздерін жүргізу бойынша полиция қызметкерлеріне арналған оқыту курсын қолдауда
Қазақстанның барлық өңірлерінен келген полиция қызметкерлері үшін шиеленіс жағдайларда келіссөздерді жүргізу бойынша әлеуетті арттыру 2019 жылғы 15-19 сәуір аралығында өткізілген бес-күндік оқыту курсының басты назарында болды.
Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Ішкі істер министрлігі және ҚР ІІМ Қарағанды академиясы ұйымдастырды.
Аталған курсты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясы мен Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясынан келген ұлттық сарапшылар өткізді. Сарапшылар массалық жиындарды басқаруда үздік тәжиребемен, вербалдық емес құралдарды қолданумен және адами мінез-құлықты түсіндірумен бөлісті.
Іс-шара елдің барлық өңірлерінен келген, Қарағанды қаласы Ішкі істер департаменті және ҚР ІІМ Қарағанды академиясының 30 полиция офицері үшін ұйымдастырылды. Олар бірқатар тәжірибелік жағдайларды қараыстырып, онда келіссөз процесінде қолданылатын коммуникациялардың инновациялық тактикаларымен танысты, сондай-ақ келіссөз жүргізген қызметкерлердің тиімді шешілген соңғы жағдайларын зерттеді.
Оқыту курсы Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қауіпсіздікті нығайту, есептілікті арттыру мен бұқаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында озық практикаларды ілгерілету бойынша қызметінің бір бөлігі болып табылады.