ЕҚЫҰ климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі Қазақстандағы өңірлік семинарға қолдау көрсетеді
2018 жылы 26 қыркүйекте Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен климаттың өзгеруіне бейімделу шаралары бойынша үш күндік оқу семинары өтті.
Іс-шараны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисi Қазақстан-Неміс университетімен және Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығымен серіктестікте ұлттық деңгейде су ресурстарын басқару үшін жауапты Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның шамамен 35 өкілі үшін ұйымдастырды.
Оқу семинары жас көшбасшылардың әлеуетін климат жағдайында нығайтуға бағытталған «Орталық-Азиялық көшбасшылық бағдарламасының» бұрынғы жұмысының жалғасы болып табылады.
Қатысушылар құқықтық тетіктер мен басқару тетіктері арқылы экологиялық таза инвестицияларды көтермелеу үшін қаржылық құралдарды пайдаланудың озық тәжірибесін қарастырды және Париж Климаттық Келісімін іске асырудағы жергілікті кедергілерді анықтады. Оқу барысында климаттың өзгеруінің бүкіл әлемде және Орталық Азия контексінде және климаттың өзгеруін жеңілдету бойынша озық әдістер қарастырылған болатын.
Бұл іс-шара экологиялық басқару секторында өңірлік ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады. Ол 2003 жылы ЕҚЫҰ-ның Маастрихт қаласында қабылданған орнықты дамуға жәрдемдесу және қабылдаушы елдегі экологиялық азудың маңыздылығын атап, экономикалық және экологиялық өлшем бойынша Cтратегиялық құжат бойынша Министрлер Кеңесінің шешімі аясында өткізілді.