Сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қарсы іс-шара бойынша ЕҚЫҰ ұйымдастырылған оқу курсы Астанада аяқталды
8 желтоқсан 2017 жылы Астанада мемлекеттік сектордың, іскерлік ортаның және азаматтық қоғамның шамамен 40 өкілдеріне арналған ұжымдық әрекеттер, нормативтік әсерлерді бағалау рөлі және заң жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы тексерулер бойынша апталық модульдік оқу курсы аяқталды.
Аталған курс Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызметінің Координатор Бюросымен ұйымдастырылған, оның мақсаты болып сыбайлас жемқорлықпен күресуде Қазақстан үкіметіне және тиісті қызығушылық танытқан тараптарға көмек көрсету, сыбайлас жемқорлықпен күресуде жан-жақты серіктестіктерді құру және заңнаманы әзірлеу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтаудың аса тиімді жүйесін қолдау табылады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы құқық қорғау органдарының академиясының өкілдері, сондай-ақ, бизнес-қауымдастығының және азаматтық қоғамының қатысушылары заңнамалық жобаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін қалай анықтауға болатынын және нашар әзірленген заңнама сыбайлас жемқорлық қылықтарын қалай ынталандырып, сыбайлас жемқорлықты заңды түрге айналдыра алатынын білді.
Германиядан, Грузиядан, Молдовадан, Ресейден, Украина мен Ұлыбританиядан келген халықаралық сарапшылар басшылығымен қатысушылар нақты тақырыптық зерттемелерге жұмыс істеді және шынайы өмірден алынған интерактивті жаттығулармен және кейстармен жаттықты. Қатысушылар сонымен қатар мемлекеттік реттеуді басып алуға қарсы реттеу және күресу сапасын жақсарту үшін негізгі аспаптар ретінде тиісті түрде реттеу және қоғамдық кеңес беру қағидаларын зерттеді.
«XXI ғасырдың ғаламдық сын-тегеуіріндер, соның ішінде жылдам ауысып отырған саяси, экономикалық және әлеуметтік шарттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты әзірлеуде сапалы жаңа амалдарды қабылдау қажеттілігін көрсетеді», - деп айтып өтті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясының бірінші проректорының міндетін атқарушысы Шакир Шаяхметов.
«Осы жоба аясында ЕҚЫҰ сыбайлас жемқорлыққа және басқа тиісті құқықтық құжаттарға қарсы БҰҰ Конвенциясына толық сәйкестікте Қазақстан үкіметіне қолдау көрсетуді жалғастыруда», - деп Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің экономика және экология бөлімінің меңгерушісі Рати Джапаридзе атап өтті.
Апталық оқу курсы 2017 жылы шілдеде өткізілген сыбайлас жемқорлықпен күресудегі қажеттілікті бағалау бойынша екі күндік миссияның келесі кезеңі аясында өткізілді. Ол Орталық Азияда сыбайлас жемқорлықты алдын алу бойынша бірлескен амалға көмек көрсету жөніндегі ЕҚЫҰ бюджетінен тыс жобасының бір бөлігі болып табылады.