Қазақстанның Сот әкімшілігіне арналған стратегияны әзірлеу семинары
2024 жылғы 11-14 қыркүйекте ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің «Қазақстандағы сот төрелігі жүйесінің тиімділігін арттыру» бюджеттен тыс жобасы аясында 2025-2029 жылдарға арналған соттарды әкімшілендіру стратегиясын қалыптастыруды қолдауға бағытталған семинар өтті. Семинар екі кезеңде бірінші Астана қаласында басталып, жалғасын Бурабайда тапты.
Семинар сот секторы және соттарды басқару бойынша сарапшы Карстен Махнке мырзаның жетекшілігімен Қазақстанның Сот әкімшілігінің стратегияны әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының талқылауымен ашылды. Махнке мырза Қазақстанда автономиялық Сот әкімшілігін құру аталмыш құрылымның мәртебесін, яғни, оның басқа сот органдары және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынасы мен үйлестіру негіздерін анықтау үшін одан әрі шараларды талап ететін қадам екенін атап өтті.
Бурабайдағы семинар, Қазақстанның Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров мырзаның 2025-2029 жылдарға арналған соттарды әкімшілендіру стратегиясын әзірлеуде қатысушылардың дағдылары мен білімдерін шыңдаудың маңыздылығын атап өтумен басталды. ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің Құқықтық мәселелер жөніндегі ұлттық үйлестірушісі Евгения Оралова ханым ұсынылған сарапшылық идеялар клиентке – қоғам мен азаматтарға, сондай-ақ судьялар мен сотқа бағытталған соттарды әкімшілендіру жүйесін жетілдірудің бағыттарын анықтауға көмектеседі деген үмітін білдірді. Семинар барысында Махнке мырза Сот әкімшілігінің басқа сот органдарымен өзара қарым – қатынасының нақты негізін құрудың, сот қызметкерлеріне қатысты өкілеттіктерді арттырудың және халықтың сенімін нығайту үшін сот жүйесін пайдаланушылармен өзара қарым – қатынасын жақсарту арқылы тиімділікті арттырудың маңыздылығын атап өтті. Доктор Рамин Гаргурбанлы сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссия (CEPEJ) әзірлеген құралдарға терең талдау жасаса, Дана Әбілтаева ханым стратегияны Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкестендіру туралы түсініктерімен бөлісті. Кейінгі сессиялар KPMG жетекшілігімен стратегиялық құжаттарды әзірлеуге, мақсат қоюға және басымдықтар мен бастамаларды оңтайландыруға бағытталған тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру жаттығуларын қамтыды. Қатысушылар интерактивті топтық жұмыс жасап, сарапшылардың кері байланысын пайдалана отырып, стратегия жобасын нақтылады. Талқылаулар KPI пайдалану, жобаны басқару әдістері және мүдделі тараптарды тарту сияқты реформаларды жүзеге асырудағы қиындықтарды қамтыды. Семинар KPMG-нің стратегияның орындалуын бақылау және өзгерістерді басқару туралы түсініктерімен, кейін талқылаулардың негізгі нәтижелерінің қысқаша мазмұнымен аяқталды.
Іс-шара барысында қатысушыларға Қазақстандағы соттарды әкімшілендіруді дамыту стратегиясын нақтылауға мүмкіндік беретін практикалық дағдылар мен командалық жұмысқа қатты көңіл бөлінді. Талқылаулар сапалы сот қызметтерін көрсету және сот жүйесінің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыру мақсатында соттарды әкімшілендіруді жетілдіруге жүйелі түрде бағытталды.