Қалдық қоймаларының қауіпсіздігі және су нысандарының кездейсоқ ластануының алдын алу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті
2024 жылғы 26 тамызда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі (бұдан әрі-Офис) Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК) және Халықаралық суды бағалау орталығымен (ХСБО) ынтымақтастықта қалдық қоймаларының қауіпсіздігі және Қазақстандағы су объектілерінің кездейсоқ ластануын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (ВЖТ) 3-ші отырысын өткізді. Бұл бастама табиғи апаттар қаупін азайтуға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған көпжылдық ынтымақтастықтың бөлігі болып табылады.
Тау-кен жұмыстарынан қалған қалдықтарды қауіпсіз басқару өте маңызды. Бұл қалдықтар сақталатын қоймалар мұқият бақылануы тиіс, себебі апат кезінде олар су объектілерінің қатты ластануына және қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін. Мұндай апаттар миллиондаған текше метр қауіпті заттардың бөлінуіне, су көздерінің ластануына және экожүйелерге зиян келтіруі мүмкін. Қалдық қоймаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған тиімді шаралар қоғамдық денсаулықты қорғау және апаттардан кейінгі тазарту және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге кететін шығындарды азайту үшін қажет.
Отырыста Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарының өкілдері, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың сарапшылары, операторлар, бизнес және ғылыми мекемелердің өкілдері қатысты.
Жұмыс тобының мүшелері күн тәртібіндегі түрлі мәселелерді, соның ішінде Қазақстандағы қалдық қоймаларының қауіпсіздігі мен су нысандарының кездейсоқ ластануының алдын алу саласында қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ Қазақстандағы Өндірістік апаттардың трансшекаралық әсері туралы БҰҰ ЕЭК Конвенциясын іске асыруды талқылады. Сонымен қатар, ВЖТ климаттың өзгеруі жағдайында қалдық қоймаларының қауіпсіз басқару және су нысандарының кездейсоқ ластануының алдын алу бойынша ынтымақтастықты қарастырды. Топ сондай-ақ өндірістік апаттардың алдын алу және олардың Қазақстанның су нысандарына әсері, өндірістік апаттардан судың ластану қаупін азайту үшін операторлар қабылдаған шаралар және Өндірістік апаттардың трансшекаралық әсері туралы БҰҰ ЕЭК Конвенциясын іске асыру барысындағы қиындықтар мен басымдықтарды талқылады. Отырыс нәтижесінде жұмыс тобының 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспары қабылданды, оған қатысушылар ұсынған ұсыныстар енгізілді.
Келесі, 4-ші ВЖТ отырысы 2025 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланған, және өткен жылдың жетістіктері мен мәселелері қарастырылатын болады. Офис апаттық қауіп-қатерлерді азайту саласында ұлттық және халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін және осы маңызды салада Қазақстанның бастамаларын толығымен қолдайтынын білдіреді.