Адам саудасына қарсы іс-қимыл Қазақстандағы ЕҚЫҰ оқыту семинарының назарында
Қазақстанның 14 облысының адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысына жауапты әкімдіктердің 16 қызметкері 2019 жылдың 1 наурызында Алматы қаласында аяқталған ЕҚЫҰ ұйымдастырған адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі семинарға қатысты. Сонымен бірге құқық қорғау органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстандағы АҚШ елшілігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп ұйымдастырған екі күндік іс-шараға қатысты.
Семинарда адам саудасына қарсы күрестегі әкімдіктердің рөліне, мемлекеттік органдармен, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастыққа, Адам саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс механизміне, сондай-ақ ақпаратты бақылауға және онымен алмасуға ерекше көңіл бөлінді.
«ЕҚЫҰ адам саудасының құрбандарына әлеуметтік қызметтерді көрсетумен айналысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерін, судьяларды, сондай-ақ әлеуметтік қорғау мен үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерін оқыту және олардың дағдылары мен білімін жақсарту арқылы Қазақстан үкіметінің адам саудасына қарсы күрестегі жігеріне қолдау көрсетуде», – деді Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысы.
Мадиев Сағат Кентаевич, Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары, былай деп қосты: «Полиция органдары адам саудасымен байланысты фактілердің алдын алуға көп көңіл бөледі және табанды шаралар қолданады. Осылайша, 2018 жылы полиция адам саудасының 14 фактісін, 5 – кәмелетке толмағандарды сату және 20 – пайдалану мақсатында ұрлау және заңсыз түрде бас бостандығынан айыру фактісін анықтады».
«Біз ҚР Үкіметімен және Астанадағы Бағдарламалар офисімен көпжылдық ынтымақтастығымызды мақтан тұтамыз. 17 жыл ішінде біз өзіміздің серіктестерімізбен бірге құқық қорғау органдарының қызметкерлерін оқыту, заңнаманы жетілдіру және зардап шеккендерге жәрдем көрсету бойынша көптеген жобаларды жүзеге асырдық. Өңірлік комиссиялардың қызметкерлеріне арналған тренинг тұңғыш рет өткізіліп жатыр және бұл уақтылы бастама болып табылады», – деді Йорган K. Эндрюс, Халықаралық есірткі және құқық қорғау қызметі мәселелері бюросында Мемлекеттік хатшы Көмекшісінің орынбасары.
Іс-шара адам саудасына қарсы күресте және ЕҚЫҰ адам саудасына қарсы күрес жөніндегі Іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асыруда қабылдаушы елге қолдау көрсету бойынша ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің көпжылдық күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.