Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты бойынша БАҚ өкілдеріне арналған оқыту семинарын қолдауда
2019 жылғы 21 ақпанда Астанада Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты бойынша БАҚ өкілдеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының 25-ке жуық өкілі сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселелерін шешу мақсатында елде жүргізіліп келе жатқан реформалар мен жоспарлармен танысты. Азаматтық қоғамнан келген ЕҚЫҰ қолдайтын инструкторлар сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша ең үздік халықаралық тәжірибелер туралы баяндама жасап, Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Ыстанбұл іс-қимылдар жоспарына сәйкес Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұсыныстарын орындаудың шолуын жасады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша Ыстанбұл іс-қимылдар жоспары – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының 2003 жылы бастаған бір-бірін бағалау бойынша субаумақтық бағдарламасы болып табылады. Осы бағдарлама аясында желінің мүшелері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ Конвенциясын орындау тақырыбына сәйкес әрдайым тексеруден өтеді. Қазақстан үшін келесі бағалау келесі айда өтуі тиіс.
Оқыту семинары Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағдарланған тиісті басқаруға қолдау көрсету бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.