ЕҚЫҰ Қазақстанда дағдарыс орталықтарын дамыту мәселесі бойынша халықаралық конференциясын қолдауда
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесі 2018 жылы 7 желтоқсанда Астанада аяқталған Қазақстандағы дағдарыс орталықтарын дамыту мәселесі бойынша халықаралық конференцияның басты назарында болды.
Екікүндік іс-шараy Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық әйелдер, отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен (Ұлттық комиссия), БҰҰ-Әйелдер, БҰҰ Тұрғын халықтың қоныстануы саласындағы қоры және БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Конференцияға 150-ге жуық Қазақстан Республикасы Парламентінің, Ұлттық комиссияның, құқық қорғау органдарының мүшелері және барлық өңірлердің дағдарыс орталықтарының жетекшілері, сонымен қатар ұлттық және жергілікті билік органдарының, халықаралық ұйымдардың өкілдері және Австрия, Америка Құрама Штаттары, Германия, Румыния және Черногорияның сарапшылары қатысты.
Қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және құрбандарды одан қорғаудағы озық тәжірибе, әйелдер мен қыздарға қарсы зорлық-зомбылықпен күресудің тиімді әдістері, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ведомствоаралық өзара жұмыс жасау және дағдарыс орталықтарының қызметі мәселелерін талқылады.
«Біз гендерлік тепе-теңдік мәселелерін ілгерілету мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрін жоюда зор жетістіктерге жетіп, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресуде негізгі факторлардың бірі болып табылатын отбасылық және гендерлік саясаттың жеке моделін қалыптастырдық» - деп айтып өтті Елена Тарасенко, Ұлттық комиссия Төрағасының орынбасары.
«Гендерлік тепе-теңдікті ілгерілету бойынша жұмыс шеңберінде ЕҚЫҰ 2012 жылы басты мақсаты болып гендерлік сипаты бойынша зорлық-зомбылықты тоқтатуға және тепе-теңсіздіктің барлық түрлеріне қарсы тұратын қоғамдық сөз сөйлеулерде ерлер әсер ете алатындығы туралы хабардарлықты арттыру табылатын MenEngage желісін іске қосты» - деді Дьердь Сабо, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы.
«Біз тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен байланысты мәселелерді тереңінен зерттеуіміз және оларды шешу үшін үкіметтік емес ұйымдармен бірге жұмыс жасауымыз қажет» - деді Жанат Омарбекова, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің әлеуметтік және мәдени даму комитетінің мүшесі.
Бұл іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге және азаматтық қоғамға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және онымен күресте қолдау көрсету бойынша ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.