ЕҚЫҰ Қазақстанда киберкеңістіктен келетін ең маңызды энергетикалық инфрақұрылым объектілеріне террорлық шабуылдардан қорғау бойынша тәжірибелік жаттығу өткізуде
Ең маңызды энергетикалық инфрақұрылымға бағытталған террорлық шабуылдарға дайындықты және олардан қорғануды нығайту мәселесі 2018 жылы 28-29 қарашада Астанада ЕҚЫҰ Хатшылығының Трансұлттық қауіптер департаменті мен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ұйымдастырған қауіп-қатерлерді бағалау және кризистерді басқару бойынша тәжірибелік жаттығудың басты назарында болды.
Мемлекеттік органдар мен энергетика секторының ұйымдарынан келген 17 ұлттық сарапшы қатысқан жаттығу Ең маңызды инфрақұрылымды террорлық шабуылдардан қорғау туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2341 (2017) резолюциясын орындауда қолдау көрсету бойынша ЕҚЫҰ жұмысы аясында өткізілді. Бұл ең маңызды энергетикалық инфрақұрылымға киберкеңістіктен келетін террорлық шабуылдардың қауіп-қатерлерін азайту бойынша мүше-мемлекеттердің әлеуетін арттыруын қолдау үшін ЕҚЫҰ ұйымдастырған тоғызыншы ұлттық іс-шара болып табылады.
Қатысушылар «Қара Қазақстан» атты дискуссиялық симуляциялық жаттығуға қатысты. Бұл жаттығу олардың қолданылып жатқан қорғану және кризистерді басқару жүйелерінің тиімділігін, сонымен бірге террорлық кибершабуылдар қауіп-қатерлерін азайту үшін кризистерді басқарудың сыртқы механизмдерімен үйлестіруін тексеруге мүмкіндік берді.
Аталған іс-шара ең маңызды энергетикалық инфрақұрылымға информациялық-коммуникациялық технологияларды (ИКТ) қолданумен және оның осалдығын ескере отырып, террорлық шабуылдардың қауіптері туралы хабардарлықты арттыруға, және де тұрақтылықты нығайту мақсатында ведомствоаралық үйлестіруді және ынтымақтастықты жақсартуға бағытталды.
Тимур Шаймергенов, Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, ең маңызды инфрақұрылымды қорғау бойынша мәселелердің маңыздылығын баса айтып, зиян кибершабуылдардан келетін қауіп-қатерлерге ден қою үшін әзірленген «Кибер-қорғаныс» бағдарламасы сияқты Қазақстанның нақты бастамаларын атап өтті.
Колин Маккалоу, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Саяси мәселелері жөніндегі кеңесшісі, былай деді: «Халықаралық және ведомствоаралық ынтымақтастық арқылы қатерлерді ең үздік түрде басқаруға және кризистерге ден қою бойынша әлеуетті арттыруға болады. Бұның барлық инфрақұрылымды террорлық шабуылдар, оның ішінде киберкеңістіктен келетін шабуылдардан қорғау үшін маңызы зор».
«Террористердің ең маңызды энергетикалық инфрақұрылымды бұзуы және жоюы экономика мен қоғамға теріс қауіп-қатерлер алып келуі мүмкін», - деді Кун де Смедт, ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіптер департаментінің Терроризмге қарсы күрес тобының мүшесі. «Бұл жаттығу өнеркәсіптік бақылау жүйелеріне бағытталған террорлық кибершабуылдарға қарсы тұру үшін ұлттық, салалық және корпоративтік деңгейлерде Қазақстанның әлеуетін тексеріп, арттыруға бағытталған».
Тренинг киберкеңістіктен келетін қауіп-қатерлерге назар аударылған ядерлық емес ең маңызды энергетикалық инфрақұрылымды террорлық актілерден қорғау бойынша ЕҚЫҰ тиісті тәжірибесі жөніндегі нұсқамаға негізделген.