Қазақстанда шетелдік терроршы-жауынгерлер мен олардың отбасыларын оңалту Астанада ЕҚЫҰ қолдаған семинардың басты назарында
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ұйымдастырған зомбылық экстремизм үшін сотталғандар, оның ішінде шетелдік терроршы-жауынгер мен олардың отбасыларымен жұмыс бойынша семинар 2018 жылы 4-5 желтоқсанда Астанада өтті.
Екікүндік семинар Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы, Қоғамдық даму министрлігі және азаматтық қоғамның 20 өкіліне ұйымдастырылды.
Біріккен Корольдіктен келген сарапшылар шетелдік терроршы-жауынгерлер және олардың отбасылары үшін оңалту бағдарламалары сәтті өткізілген тақырыптық зерттеулер мен әдістер мысалдарын ұсынды. Басты назар азаматтық қоғаммен жұмыс жасау әдістері мен шетелдік терроршы-жауынгерлерінің әйелдері мен балаларын тарту бойынша бағдарламаларына аударылды.
Іс-шара зомбылық экстремизм мен терроризмге алып келетін радикалданумен күреске бағытталған ұзақ мерзімді қолдау табатын жобалардың бір бөлігі болып табылады.