ЕҚЫҰ және БҰҰ мен ЕО-ның бірлескен бағдарламасы Қазақстанда зомбылық экстремизм үшін сотталғандармен жұмыс жасау бойынша семинарды ұйымдастыруда
Зомбылық экстремизм үшін сотталғандардың қауіп-қатерлерін бағалау және олармен жұмыс жасау, оның ішінде қайтып келген шетелдік терроршы-жауынгерлерді оңалту бойынша семинар ЕҚЫҰ қолдауымен 2018 жылы 7 желтоқсанда Астанада аяқталды.
Екікүндік семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Біріккен Ұлттар Ұйымының жүйесі мен Еуропалық Одақтың түрмелердегі зомбылық экстремизмін алдын алу бойынша бірлескен бағдарламасымен бірге ұйымдастырды.
Іс-шара 70-ке жуық қатысушыны жинап, олар зомбылық экстремизмімен байланысты қылмыстар үшін сотталғандармен жұмыс жасау бойынша түрме жүйесінде қолданылып жатқан әдістер мен тәжірибелерді талқылады. Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымды тұлғалары, сонымен қоса академиялық орта мен азаматтық қоғамның өкілдері Аустрия, Қазақстан, Қырғызстан, Америка Құрама Штаттары мен Біріккен Корольдіктен келген сарапшылармен өз пікірлерімен алмасты.
Презентацияларда зомбылық экстремизммен байланысты қылмыстар үшін сотталған адамдарды оңалту бойынша бағдарламаларда табысты болған тақырыптық зерттеулер мен әдістік мысалдар ұсынылды. Ерекше назар азаматтық қоғаммен жұмыс әдістері, түрме қызметкерлерін басқару, сотталған зомбылық экстремисттермен жұмыс және олардан келетін қауіп-қатерлерді бағалау, түрмеде қамау шеңберінде шеттеуге араласумен жұмыс жасауға аударылды.
Іс-шара зомбылық экстремизммен және терроризмге алып келетін радикалданумен күреске бағытталған жобаларды ұзақ мерзімді қолдаудың бір бөлігі болып табылады.
Осы іс-шараны ұйымдастырған БҰҰ мен ЕО-ның бірлескен бағдарламасын Есірткі мен қылмыс бойынша БҰҰ басқармасы, БҰҰ Контртеррорлық басқармасы, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Контртеррорлық комитетінің Атқарушы директораты іске асырады. Оны Еуропалық Одақ, Нидерланды Корольдігінің Сыртқы істер министрлігі және БҰҰ Контртеррорлық басқармасы тең қаржыландырады.