ЕҚЫҰ Қазақстанда «Ашық Үкімет» әріптестігі бойынша азаматтық қоғам өкілдері үшін семинар ұйымдастыруда
15 қарашада Алматы қаласында «Ашық Үкімет» әріптестігі (OGP) бастамасы бойынша ЕҚЫҰ ұйымдастырған азаматтық қоғамның 20 өкілі үшін семинар өткізілді.
Ақпараттық бостандығын дамыту институтының (Тбилиси) өкілі, грузин сарапшысы осы бастама артықшылықтары туралы баяндама жасады және Қазақстанның осы әріптестікке кіруіне кедергі келтіретін негізгі мәселелерді анықтады. Қатысушылар ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың кемшіліктерін талқылады және үкіметтің шешімдерін қабылдауда азаматтардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін үкіметпен өзара іс-қимылды күшейту жолдарын ұсынды.
«Ашық Үкімет» әріптестігі – үкіметтерге және азаматтық қоғамға транспаренттілік, есеп берушілік және азаматтық қоғамның қатысуы үшін интерактивті платформаны дамытуға көмектесетін көпжақты мүдделі тараптардың бастамасы болып табылады. Ол ашық үкіметті алға жылжыту, азаматтардың құқықтарын кеңейту, сыбайлас жемқорлықпен күресу және басқаруды нығайту үшін жаңа технологияларды пайдалану үшін ұлттық үкіметтердің нақты міндеттемелерін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл іс-шара өткен айда ЕҚЫҰ-ның Астанада үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен өткізілетін дөңгелек үстелдің жалғасы болды.
Бұл семинар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды үйлестіру арқылы Бағдарламар офисінiң көпжылдық тиісті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.