ЕҚЫҰ Қазақстанның мемлекеттік қызметшілер үшін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін басқару бойынша оқыту семинарын қолдайды
ЕҚЫҰ қолдауымен мемлекеттік сектордағы жемқорлық тәуекелдерін басқару бойынша семинар-тренинг 2018 жылдың 14 қыркүйегінде Астанада аяқталды.
Төрт күндік іс-шараны жергілікті әкімдіктер, орталық үкімет және академиялық топтардың 50-ге жуық өкілдері үшін ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисi Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды. Семинарда процесті жоспарлау, мақсаттардың қойылуы, себептерді анықтау және процесті басқаруға жауапты тұлғаларды тағайындау сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау мен басқарудың озық тәжірибелері сияқты тақырыптар қарастырылды.
Аталмыш семинарға Қазақстан мен Литвадан келген сарапшылар Бағдарламалар офисі қолдауымен қатысып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты ішкі және сыртқы мәселелерді, тәуекелдерді бағалаудың маңыздылығын және оны жасау әдістерін талқылады. Тыңдаушылар әртүрлі мемлекеттік қызметтерді көрсетумен байланысты тәуекел факторларын анықтау үшін топтық жаттығуларға қатысты.
Бұл семинар Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарды үйлестіру арқылы Бағдарламар офисінiң көпжылдық тиісті басқаруды қамтамасыз ету жөніндегі күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.