ЕҚЫҰ Бас хатшысы Орталық Азия жастар желісінің түлектерімен кездесті
Орталық Азия жастар желісінің (CAYN) бес қатысушысы 2018 жылы 5 қыркүйекте Венада ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингермен кездесті. Олар Орталық Азиядағы қауіпсіздік, ЕҚЫҰ қызметі және оның қауіпсіздікті тегіс қамти алатын тәсілдемесі мәселелерін талқылады.
Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстанның университет студенттері ЕҚЫҰ Хатшылығының әртүрлі бөлімдерінің жұмысымен таныс үшін Венаға сапар шекті. Олардың ішінде Қақтығыстардың алдын алу орталығы, Байланыс және БАҚ бөлімі, Трансұлттық қауіп-қатерлер департаменті, Экономикалық және экологиялық қызмет үйлестірушісі офисі, Гендер мәселелері бойынша бөлім және Адам саудасымен күрес жөніндегі арнайы өкілдің және үйлестіруші офисі.
Бас хатшымен кездесу барысында олар Орталық Азия аймағында ынтымақтастықты дамыту жөнінде және жастарды тарту жолдары туралы өз ойларымен бөлісті.
Сонымен қатар, топ мүшелері ЕҚЫҰ жастар және қауіпсіздік мәселелері тобының кездесуіне қатысып, CAYN желісіндегі өздерінің рөлі туралы айтып берді және CAYN үлгісін басқа өңірлерде қалай қолдануға болатыны туралы өз көзқарастарымен бөлісті.
2015 жылы CAYN семинарына қатысқан ЕҚЫҰ Төрағалығының жастар және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі және ЕҚЫҰ-ның жастар және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үйлестірушісі Анна-Катарина Дайнингер ЕҚЫҰ өңіріндегі кешенді қауіпсіздік сын-қатерлерін шешуде жастарды жылжытуда өзінің рөлін талқылады.
Қатысушылар ЕҚЫҰ-ның Италия Төрағалығының өкілдерімен және Америка Құрама Штаттары мен өз елдерінің делегацияларымен кездеседі. Сондай-ақ, олар БАҚ бостандығы жөніндегі ЕҚЫҰ өкілі Арлем Дезирмен кездесіп, ЕҚЫҰ аймағында БАҚ мәселелерін талқылауға мүмкіндік алады.
Топ мүшелері маусымда өткен CAYN 2018 семинарына қосқан белсенді үлесінің нәтижелері бойынша Венаға сапарға қатысу үшін іріктеп алынды. Осы жылғы семинар «Инновациялық Орталық Азия» тақырыбына арналып, Орталық Азия кеңейтілген өңірінен шамамен 40 CAYN студенті мен түлектерін жинады.
Сапарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Бішкектегі ЕҚЫҰ Бағдарламалық офисінің және Қақтығыстардың алдын алу орталығының қаржылық және логистикалық қолдауымен ұйымдастырды.
Орталық Азия жастар желісі 2004 жылы, студенттер қазіргі заманғы қауіпсіздік қатерлерді, сондай-ақ осындай сын-қатерлерге орай ЕҚЫҰ әрекет ету рөлін білу және түсіну мақсатында құрылды.