ЕҚЫҰ Қазақстанда экологиялық заңнаманы соттық қолдану жөніндегі семинарды қолдануда
2018 жылдың 17 тамызында Қазақстанның Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен ұлттық экологиялық заңнаманы және Орхус конвенциясының ережелерін сот тәртібінде қолдану мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Аталған іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен бірлесіп Қазақстанның барлық түпкірінен келген 25 судья үшін ұйымдастырды.
ЕҚЫҰ-ның қаржылық қолдауымен семинарға қатысқан Бельгия мен Швециядан келген судьялар Еуропалық Одақтың заңнамалық жүйесі, Орхус пен Эспо конвенцияларының ережелері мен органдары туралы талқылады. Олар сондай-ақ ақпаратқа қол жеткізу, шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы нақты сот істерiмен таныстырды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының судьясы Бейбұт Шермұхаметов ұлттық экологиялық кодексте алдағы өзгерістер туралы баяндама жасап, оны одан әрі жетілдіру жөніндегi қатысушылардан ұсыныстар алды. Іс-шара сондай-ақ, судьяларға экологиялық сот ісін жүргізудегі бар қиындықтарды талқылау және ұлттық және халықаралық озық тәжірибелерге сәйкес оларды шешу жолдары туралы пікір алмасу мүмкіндігін берді.
Іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Қазақстанда тиісті басқаруды жылжыту және Орхусс конвенциясы бойынша ережелерді орындау саласындағы судьялардың әлеуетін арттыру бойынша көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.