ЕҚЫҰ жолаушылар туралы алдын-ала ақпарат беру жүйесіне қатысты қазақстандық мемлекеттік органдары өкілдерінің Лондонға сапарын қолдауда
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі мен Америка Құрама Штаттарының Астана қаласындағы Елшілігінің халықаралық қылмыспен күрес және заңдылықты сақтау жөніндегі бөлімімен бірге 2018 жылы 24-26 шілде аралығында Қазақстанның мемлекеттік органдары 8 өкілдерінің қатысуымен Лондонға сапар ұйымдастырды. Қатысушылар жолаушылар туралы алдын-ала ақпарат беру (API) мен жолаушының аты-жөнін тіркеушілер жүйесін (PNR) іске қосу жөніндегі Ұлыбритания тәжірибесін зерттеу мақсатында барып қайтты.
Қазақстан Республикасы Шекара қызметі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті , Бас прокуратурасы Әділет министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті және Сыртқы істер министрлігі өкілдерінің қатысуымен өткен сапар жолаушылар мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен жолаушыларды сәйкестендірудегі үздік тәжірибемен, сондай-ақ адам саудасы, иммиграция мен кедендік бақылаудың мәселелерін қоса алғанда, шекара қауіпсіздігі саласындағы тиісті тәжірибемен танысу мақсатында өткізілді. Делегация Хитроу әуежайында ақпараттық алмасу жүйесінің практикалық қолданылуымен танысып, сондай-ақ оның техникалық мүмкіндіктері мен талаптары туралы хабардар болды.
Сонымен қатар мемлекеттік органдар өкілдері Ұлыбритания Ішкі істер министрлігінің басшылығымен кездесіп, екі елдің ведомствоаралық ынтымақтастық мүмкіндіктерін және қазақ шекарасы арқылы өту пункттеріндегі жолаушылар туралы ақпарат алмасу жөніндегі ілгері қадамдарды талқылады. Делегация, сондай-ақ, өзара әрекеттесу және оператор деректерін талдау бөлімінің жолаушылар туралы ақпаратты өңдеу және саралау әдістерімен танысты.
ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің № 6/16 «Жолаушылар жөніндегі алдын ала ақпаратты белсенді пайдалану» шешімі ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттер ИКАО келісілген Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго конвенциясы) 9 қосымшаға сәйкес жолаушылар жөніндегі алдын ала ақпараттың (API) ұлттық жүйесін құруға міндеттенеді дегенді білдіреді. Ол сонымен қатар жолаушылар туралы алдын ала ақпарат жөніндегі ДКҰ, ИАТА және ИКАО-ның жетекші қағидаларына, оның ішінде өз аумағында жұмыс істейтін авиакомпаниялардың жолаушыларына немесе экипаж мүшелеріне қатысты мәліметті тиімді жинау мақсатында жеке өмірдің құпиялығы мен деректерді қорғауды есепке алу қағидаларына сай жасалынған.
Бұл сапар ЕҚЫҰ-ның шекара қауіпсіздігін және қабылдаушы елдегі құқық қорғау органдарының әлеуетін нығайтуға бағытталған көпжылдық күш-жігерінің құрамдас бөлігі болып табылады.