ЕҚЫҰ адам саудасымен және заңсыз көші-қонмен күрес мәселелері бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасудың халықаралық дөңгелек үстелін талқылауды өткізуге қолдау көрсетуде
Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисі 2018 жылдың 31 мамырында Шымкент қаласында, Қазақстанда өткізілетін «Адам саудасымен және заңсыз көші-қонмен күрес мәселелері бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибемен алмасу» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстелін талқылауды өткізуге қолдау көрсетті.
Ұйымдасқан қылмыспен күрес, шекаралық бақылау, көші-қон бақылауы мен қаржы бойынша үкіметтік мекемелерді танытатын Қазақстаннан, Қырғызстаннан және Өзбекістаннан келген 40 астам лауазымды тұлға талқылаулар өткізіп, адам саудасымен күрес мәселелері бойынша алдыңғы қатарлы тәжірибемен және іскерлесуге қолдау көрсету әдістерімен алмасады. Беларусь пен Ұлыбританиядан келген шекаралық қызмет қызметкерлері өз елдерінің алдыңғы қатарлы тәжірибесін танытып, өз елдеріндегі адам саудасындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы тұру әдістері туралы баяндайды.
Шара Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекістанның құқық қорғау органдарының трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, әсіресе адам саудасына және заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы іскерлесу мен аталған қылмыстардан түскен заңсыз табыстарды анықтау мен болдырмау тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Мадиев Сағат: «Бүгінгі таңда біздің еліміз адам саудасына қарсы тұрудың жеткілікті жүйесін құрды, ол үнемі жақсарып келеді. Адам саудасына байланысты қылмыстарды ашуға және жария етуге жол бермеуге бағытталған заңнамалық және ұйымдастырушылық шаралар жиынтығы іске асырылды», - деп атап өтті.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі басшысының орынбасары Диана Дигол айтуынша: «Адам саудасы құрбандарын қорғау процессі мүдделі органдар координацияны және ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтауды барынша жетік жүзеге асырулары үшін адам саудасымен айналысатын адамдарды дер кезінде анықтау мен олардың жұмыс принциптерін тереңінен білуді қажет етеді. Бұл қылмыс өзінің болмысы бойынша өте күрделі болуы мүмкіндігіне байланысты құлдықтың заманауи көрінісімен күресте көмектесе алатын өзге елдер мен халықаралық сарапшылардың тәжірибесін білу өте маңызды».
«Құрбандарға көмектесу – адам саудасымен күрестегі негізгі құрамдас. Мен Қазақстанда зардап шеккендерге арналған 11 мемлекеттік панажай ашылғандығын білемін – бұл зор жетістік» – деп ойымен саяси мәселелер бойынша Кеңесші, Астанадағы АҚШ Елшілігінің саяси бөлімінің басшысы Пол Юкич ойымен бөлісті. – «Қазақстан құрбандардың көбі болып шетелдіктер табылатын мақсатты ел болғандықтан, мен келесі қадам болып оларға мемлекеттік панажайлардан сая табу мүмкіндігін беретін қаулылардың әзірленуі табылатындығына үміттенемін».
Шара Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Офисімен Ішкі Істер Министрлігімен және Астанадағы АҚШ Елшілігімен іскерлесе отырып ұйымдастырылды. Ол Офистің қабылдаушы елге ЕҚЫҰ адам саудасымен күрес бойынша бағдарламаны жүзеге асыру бойынша көп жылдық жұмысының бөлігі болып табылады.