ЕҚЫҰ Қазақстанда гендерлік теңдікке қол жеткізу стратегиясын қолдайды
2018 жылдың 20 сәуір күні Таразда ЕҚЫҰ қолдауымен өткен Жамбыл облысынан 30 жергілікті билік органдарының жоғары шеңді жетекшілері мен жергілікті аудандық заң шығарушылары үшін ұйымдастырылған оқу семинарында жергілікті билік органдары мен сайлау науқандарындағы гендерлік мәселенаманың өзектілігіне назар аударылды.
Іс-шара Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер ісі және жанұя-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиямен бірлесе отырып, Жамбыл облыстық әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Ұлттық сарапшылар саясатта және жергілікті билік органдарын басқаруда гендерлік мәселенаманы есепке алу қағидаларын жүзеге асырудың тәсілдерін ұсынды. Қатысушылар гендерлік теңдікке ықпалдасудың салыстырмалы жаңа саласы ретіндегі бюджеттің гендерлік факторларды және жыныс белгісі бойынша бөлшектенген статистикалық деректерді ескере отырып құрылуына ерекше көңіл бөліп, Қазақстандағы гендерлік мәселелерді қарастырды.
Қатысушылар сайлау стратегиясының дамуы мен науқандарды өткізудің табысты әдістері жайлы, соның ішінде әлеуметтік жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы электоратқа жүгіну туралы білді. Олар қоғамдық сенімділікті нығайтудың және көшбасшы-әйелдердің беделін жақсарту жолдарын талқылады.
Сонымен қатар оларға ауылдық қауымдар мен шағын қалаларда игі басқаруды дамытуға, ашықтылық пен есеп беру міндеттілігіне бағытталған гендерлік мәселенама қағидалары туралы ақпарат берілді.
Іс-шара ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге гендерлік теңдікке ықпалдасу жөніндегі ЕҚЫҰ Іс-әрекет жоспарын іске асыруда қолдау көрсету бойынша көп жылдық жұмысының бөлігі болып табылады.