ЕҚЫҰ журналистердің Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарына енгізілген соңғы өзгертулер туралы хабардарлығын арттыру бойынша семинарды қолдайды
2018 жылдың 27 сәуірінде Алматы қаласында ЕҚЫҰ-ның бұқаралық ақпарат құралдарына жақында қабылданған өзгертулер туралы БАҚ хабардарлығын арттыру бойынша екі күндік семинары аяқталды.
Іс-шараны ұлттық медиа заңгерлер және Қазақстанның Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің өкілдері өткізді. Ол БАҚ саласындағы мамандардың Қазақстандағы БАҚ заңнамасы туралы хабардарлығын арттыруға және оны күнделікті жұмыста тиімді қолдануға бағытталды.
Алматы және көрші қалалардан келген шамамен 25 журналистер, ақпаратқа қол жетімділік, зияткерлік меншік және құпиялылық мәселелері, шектеулі және құпия ақпаратпен жұмыс істеу, онлайн БАҚ-ты реттеу және бұқаралық ақпарат құралдары саласында жаңа заңнамалық ережелер секілді тақырыптарды қарастырды. Тәжірибелік жаттығулар барысында қатысушылар мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделі тұлғалармен ақпарат алуға қатысты кәсіби тұрғыда өзара әрекеттесу, сондай-ақ тиісті сот преценденттерін талдау арқылы өз мамандығы бойынша құқықтық тәуекелдерді болдырмауды үйренді.
Келесі семинар Ақтөбе қаласында 15 мамырда өтеді.
Іс-шара 2017 жылы БАҚ заңнамасына қабылданған бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына қатысты арнайы ережелер мен шектеулерді және онлайн-форумдардағы түсініктемелерді реттеуді енгізген өзгерістерге байланысты ұйымдастырылды.
«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау жөніндегі халықаралық қорымен бірлесіп ұйымдастырылған бұл іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елге БАҚ бостандығы мен пікір білдіру бостандығын алға жылжытуға көмек көрсету бойынша көп жылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.