ЕҚЫҰ Қазақстандағы қоғамдық экологиялық мониторингті қолдайды
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар Офисімен және Жайық-Каспий Орхус орталығымен 2018 жылдың 13 сәуір күні мемлекеттік органдардың, экологиялық ҮЕҰ, жеке меншік сектордың және бұқаралық ақпарат құралдарының шамамен 30 өкілдеріне арналып Атырауда ұйымдастырылған оқыту семинарында қоғамдық экологиялық мониторингті талқылауға назар аударылды.
Қатысушылар ауа, су және жер ресурстары сапасының экологиялық мониторингін жүргізуге арналған тәжірибелік әдістер мен құралдар туралы білді, сонымен қатар Орхус конвенциясының талаптарына сәйкес экологиялық мәселелелер жөніндегі қоғамдық науқандарды ұйымдастырудың табысты мысалдарының тәжірибесімен бөлісті.
Жайық-Каспий және Павлодар Орхус орталықтарының сарапшылары Офистің қолдауымен әзірленген, мониторинг түрлері мен әдістерінің, экологиялық ақпарат дереккөздерінің, мәліметтерді жинастырудың үздік тәжірибесінің және ластауыштар туралы ақпараттың жұртшылыққа қолжетімділігін жақсарту үшін ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары тіркелімін (ЛШТТ) пайдалану тәсілдерінің талдауы көрсетілген брошюраны таныстырып өтті.
2003 жылы Киевте қабылданған ЛШТТ Хаттамасы ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары тіркелімін жүргізу бойынша міндетті құқықтық құжат болып табылады. Ол тараптардан ластауыштар туралы ақпаратты қамтитын жалпыға қолжетімді тіркелімді бекітуді талап етеді. Қазақстан 2018 жылы ЛШТТ Хаттамасын ратификациялау туралы сұрақты қарастыру үстінде.
Іс-шара «Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы» Орхус конвенциясын жүзеге асыруда қабылдаушы елге жәрдемдесу бойынша ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш-жігерінің бөлігі болып табылады.