Жасыл экономика қағидаларын алға жылжыту
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Қазақстанда жасыл өсім, энергетикалық қауіпсіздік эәне жаңартылатын энергия көздері қағидаларын алға жылжыту жолында жігерлі жұмыс істеп келе жатыр. Астанада өткен ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» халықаралық көрмесі қабылдаушы елдің аталған салаларда жасаған күш-жігерін атап өтті және экологиялық жақтан тұрақты экономика мен жаңартылатын энергия көздері саласында одан әрі дамуға қосымша мүмкіндіктерге жол берді. Бағдарламалар офисі Қазақстанға экономикалық дамуды ынталандыратын және экологиялық тұрғыдан таза практикаларға, жасыл экономикаға, әйелдер кәсіпкерлігіне, тиімді басқаруға, су ресурстарын тиімді басқаруға және т.б. ықпал ететін стратегиялық құқықтық, экономикалық және институционалды реформаларды іске асыруда үздіксіз қолдау көрсетіп келеді.