ЕҚЫҰ Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференцияны қолдауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заманауи стандарттар және халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі халықаралық конференция Астанада 2017 жылы 8 желтоқсанда ЕҚЫҰ қолдауымен өтті.
Бір күндік іс-шараны Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен ынтымақтастықта ұйымдастырды, оған жоғары дәрежелі мемлекеттік қызметшілер, Қазақстан Парламенті, құқық қорғау органдары, азаматтық қоғам, елшіліктер мен халықаралық ұйымдар қатарынан шамамен 250 өкілдері қатысты.
ЕҚЫҰ қолдауымен келген Аустрия, Бельгия және Германияның сарапшылары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі табысты стратегиялар мысалдарын, сондай-ақ тиімді мемлекетаралық ынтымақтастық тетіктерін қоса алғанда, озат халықаралық практикалармен бөлісті. Сондай-ақ, қатысушылар Қазақстан өзіне алған сыбайлас жемқорлықпен күресу және мемлекеттік құралдарға бақылауды қамтамасыз ету үшін жеке және азаматтық секторлардың рөлін күшейту жөніндегі халықаралық міндеттемелерді шешу үшін қабылдаған нақты қадамдарын талқылады.
Іс-шара Офистің Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке бағытталған тиісті басқаруды жылжытудағы ұзақ мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.