Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстандағы жыл сайынғы жастар құқықтық форумын қолдауда
Адам құқықтары күніне орай ЕҚЫҰ қолдауымен өткізілетін Халықаралық жастар құқықтық форумының жұмысы биылғы жылы адам құқықтарын қорғау тетіктері тақырыбына арналып, Астанада 2017 жылы 14 желтоқсанда аяқталды.
70 жуық қатысушы, соның ішінде Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан және Украинадан келген заң факультеттерінің студенттері, халықаралық және жергілікті құқық сарапшылары, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам өкілдері мен ғалымдар адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттар мен оларды іске асырудағы қолданыстағы тетіктерге қатысты сұрақтарды және және жалпы адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды құрметтеуді нығайту жайлы мәселелерді талқылауға салды.
Форум аясында 16 студенттік команда адам құқықтарын қорғаудың әртүрлі деңгейдегі ең тиімді құқықтық құралдары бойынша жазбаша нұсқаулықтарды әзірлеу бойынша сайысқа қатысты. Қонақ дәрістер мен шеберлік класстар студенттерге кемсітушілік, жек көрушілік пен адамның қадір-қасиетін кемсітудің әртүрлі формаларына байланысты қазіргі күрделі мәселелерді талдауға өз септігін тигізді.
Төрт күндік форумды түрлі университеттердің студенттері арасындағы өзара әрекеттесу алаңын құру және олардың халықаралық құқықтық жүйеде қазіргі заманғы сын-қатерлерге қатысты сыни ойлауды дамыту мақсатымен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, Қазақ гуманитарлық-заң университеті және Сорос-Қазақстан қоры бірлесе отыра ұйымдастырды.
Шешімдер қабылдау үдерісіне жастардың қатысуын кеңейту жөніндегі ұзақ мерзімді күш-жігерінің бір бөлігі болып табылатын Жастар құқықтық форумын Бағдарламалар офисі осымен он бірінші жылы қолдауда.