ЕҚЫҰ Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу туралы Хаттаманың орындалуы бойынша семинарға қолдау көрсетуде
Мемлекеттік органдардың, жекеменшік сектордың, Орхусс орталықтары мен экологиялық ҮЕҰ 60 жуық өкілі қатысып, Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімін енгізу туралы хаттаманың (ЛШТТ) қолданыс мәселелеріне арналған Астанада өткен екі күндік оқу семинары 2017 жылдың 31 қазанында өз жұмысын аяқтады.
ЛШТТ Хаттамасы 2003 жылы Киевте қабылданған болатын. Хаттама тараптардан ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдары жайлы ақпарат қамтылған жалпыға ортақ регистрлерді орнатуды талап ететін заң жүзіндегі міндетті құжат саналады.
Оқу семинарының жұмысы барысында қолданыстағы ұлттық заңнамаға, ЛШТТ туралы Хаттама бойынша міндеттемелерге және Қазақстандағы ластаушы заттарды мониторингтеу жүйесін іске қосудың тәжірибелік аспектілеріне шолу жасалды. Сонымен қатар қатысушылар экологиялық маңызы бар шешімдерді қабылдауда қоғамның рөлін арттыру жолдарын қарастырып, Орхусс орталықтары жұмысының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мүмкіндіктері жайлы пікір алмасты.
Шара ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисінің Энергетика министрлігінің қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығымен және БҰҰ Ғылыми-зерттеу орталығымен және «Орнықты дамуға ықпалдасу» Орталығымен серіктестікте ұйымдастырылды.
Орхусс орталықтары желісі Оңтүстік Шығыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азияның 14 елінде жергілікті мүдделі тараптарға қолдау көрсетіп, экология мәселелері бойынша шешім қабылдауда хабардар болуды арттыру, ашықтық пен есеп берушілікті қамтамасыз ету арқылы экологиялық демократияның жоғарырақ стандарттарына қол жеткізуге бағытталған.
Аталмыш шара Бағдарламалар Офисінің Орхусс Конвенциясының халықаралық стандарттарын Қазақстанда ілгері жылжытуға бағытталған көп жылдық жұмысының бір бөлшегі болып табылады.