ЕҚЫҰ Қазақстанда сот репортерлерін оқытуға көмектеседі
Сот репортерлеріне арналған екі үш күндік оқыту семинарлар топтамасының біріншісі Алматыда 2017 жылы 20 мамырда аяқталды.
Елдің барлық өңірлерінен келген шамамен 15 журналист сот репортажын неғұрлым қызық ету және сот билігі өкілдерімен өзара қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында өзінің кәсіптік сот репортажы дағдыларын жақсартты. Сонымен қатар, қатысушылар сот үдерісін жариялауда әлеуметтік желілер рөлін, сот репортаждарын жазу кезінде этикалық нормаларды, жеке деректерді қорғау, сондай-ақ сот ашықтығы және соттар мен БАҚ әрекеттестігі жөніндегі халықаралық тәжірибені талқылады. Сондай-ақ, қатысушылар практикалық жаттығуларға, қойылымдық баспасөз конференциясына қатысты.
Семинарды ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотымен, Сот репортерлері гильдиясымен және Фридрих Эберт қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Жоғарғы соттың судьялары, машықтанушы адвокаттар мен журналистер курс жаттықтырушылары ретінде болды. Семинар сот репортерлерінің корпусын құру арқылы кәсіби журналистиканы жылжыту мақсатында 2016 жылы наурызда, маусым мен қыркүйекте өткен семинарлар сериясын жалғастырады.
Репортерлердің басқа тобына арналған келесі семинар Алматыда 2017 жылы 18-20 тамыз аралығында өтеді.
Бұл семинар Қазақстанда сот реформасын жылжыту және сот органдары мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы өзара әрекеттесуді жақсарту жөніндегі Офистің көп жылғы қызметінің бөлігі болып табылады.