ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстанда жарылғыш заттарды табу жөнінде кинологиялық курсты аяқтайды
ЕҚЫҰ қолдайтын, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен АҚШ Елшілігі ұйымдастырған жарылғыш заттарды табу жөніндегі айлық кинологиялық дайындық курсы Астанада, 2017 жылы 24 мамырда аяқталды.
Бір айға созылған іс-шара жарылғыш заттарды жақсы табу арқылы ел қауіпсіздігіне трансұлттық қауіп-қатерге қарсы әрекет етуде иттерді тиімді пайдалану үшін Қазақстанның құқық қорғау органдарының әлеуетін күшейтуге бағытталды.
Ішкі істер министрлігінен, Ұлттық ұланнан және Мемлекеттік күзет қызметінен он бір кинолог-маман Аустрия Ішкі істер министрлігінің Кинологиялық орталығының бастығында даярлықтан өтті. Олар жарылғыш заттар мен олардың құрамдас бөліктерін табуда кинологпен оң әрекеттесуді пайдалана отырып, практикалық даярлық арқылы қызметтік иттерге арналған озат техникалар мен әдістерді үйренді.
Қатысушылар мен олардың тәрбиеленушілері иттерді дайындаудағы теориялық негіздерді, іздеуде және селқос-көрсету мінез-құлықта тиянақты жұмыс істеуді үйренді.
Курс ұйымдастырылған трансұлттық қылмыс пен терроризмге қарсы әрекет етуде Қазақтанның әлеуетін күшейтуға бағытталған Офистің көп жылғы іс-шараларының бөлігі ретінде 2014 жылы қазан айында, 2015 жылы тамызда өткізілген ұқсас іс-шаралар тренингінің, сондай-ақ 2016 жылы екі кезеңдік бағдарламаның жалғасы болып табылады.