ЕҚЫҰ Қазақстан Шекара қызметінің офицерлерін тәуекелдерді профильдеуге үйретеді
Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің он алты офицерін шекаралық өткізу пунктерінде профильдеуді пайдалана отырып, трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет етуде қолдау мақсатында, ЕҚЫҰ қолдайтын шекаралық өткізу пунктерінде профильдеу жөніндегі бес күндік оқу курсы топтамасындағы бесіншісі Ақтөбеде 2017 жылы 30 маусымда аяқталды.
Топтаманы Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігімен және Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметімен бірлесіп ұйымдастырды.
Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҰО) мен Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі офицерлерінің Шекара қызметі академиясының сарапшылары шекарашыларға тәуекелдерді профильдеу жүйесін әзірлеуді, қылмыстық оқиғалар жөніндегі мәліметті талдаудың статистикалық құралдары және кең ауқымда пәрменді тәуекелдер профильдерін дамыту жолдарын үйретті.
Оқыту курсына адамдардың вербалды және вербалды емес мінез-құлқын жақсырақ түсінуге арналған техника, сондай-ақ тәуекелдердің белгілі индикаторларын анықтау жолдары кіреді. Практикалық сабақтар қатысушыларды жаңадан алған білімін қолдану мүмкіндіктерімен қамтамасыз етті.
Бұл іс-шара қабылдаушы елдің шекара қауіпсіздігін күшейтуге және бір уақытта трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ете отырып, шекара қауіпсіздігін кешенді басқаруды жылжытуға бағытталған Офис қызметңнің бөлігі болып табылады. Келесі іс-шараны ағымдағы жылы Қостанайда өткізу жоспарланып отыр.