Жаппай қырып-жою қаруының таралуымен күресу Қазақстанда ЕҚЫҰ қолдауымен өткен семинардың басты назарында
Қазақстанда жаппай қырып-жою қаруының (ЖҚҚ) таралуымен күресу саласындағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциясын орындау бойынша екікүндік семинар 2017 жылғы 30 маусымда Астанада аяқталды.
Қаржылық мониторинг комитеті, Мемлекеттік кірістер комитеті, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Сыртқы істер министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Инвестициялар және даму министрлігінің 25-ке жуық өкілдері іс-шараға қатысты.
Қатысушылар Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) стандарттарымен және ЖҚҚ құру үшін қаржы ағындарының алдын алу және оларды жоюға қаысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюциялара талаптарымен танысты. Сондай-ақ, олар резолюциялардың міндеттерін орындауда және ЖҚҚ таралуын қаржыландырумен күрес бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіруде озық тәжірибе туралы білді.
Семинарды Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға және терроризмді қаржыландыруғақарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың (ЕАТ), ФАТФ Оқу-зерттеу институтының және Қосарлы мақсаттағы заттарды экспорттық бақылау саласындағы Еуропалық Одақтың қолдау бағдарламасының сарапшылары өткізді.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитетімен және Қазақстандағы АҚШ Елшілігімен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
Бұл тиісті басқаруды және ақшаның жылыстауы мен лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күресті ілгерілету саласындағы Офистің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.