ЕҚЫҰ азаптауға қарсы заңнама бойынша адвокаттарға арналған семинар өткізуде
2017 жылдың 26-27 маусымда Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен адвокаттарға арналған «Азаптаудан босату құқығы. Халықаралық және ұлттық заңнама, құқық қолданысының ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар өтті.
Алматы мен Астана қалаларының 30 адвокаты қатысқан екі күндік шараның басты назарында азаптаудан қорғау саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама мен тәжірибе болды. Семинардың мақсаты – заңдық кеңестер ұсынып, сотқа қатысу үшін адвокаттардың дағдыларын нығайту және осындай қызметтердің сапасын арттыру. Қатысушылар азаптаудың жекелеген жағдайларына байланысты БҰҰ шарттық органдарына шағымдану тәртібімен танысты. Оған қоса, азаптау құрбандарына келтірілген залалды реституция, оңалту және өтемақы арқылы өтеу мәселелері талқыланды.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі, «Адам құқықтары үшін хартиясы» қоғамдық қоры және «Қазақстандағы сот әділдігі жүйесінің сапасы мен тиімділігін арттыруда қазақстандық билікке қолдау көрсету» Еуропа Одағы мен Еуропа Кеңесінің Бірлескен бағдарламасы ұйымдастырылды. Аталмыш семинар Офистің қабылдаушы елдегі азаптауларға қарсы әрекет қолдану жолындағы ұзақ мерзімді жұмыстарының аясында өткізіліп отыр.