Дереккөздер
Қазақстандағы практикалық журналистика 3.0
Бұл оқу құралы журналистерге қазіргі технологияларды пайдаланумен жаңа медиа өнімдер жасауға көмек көрсетуге және жаңалықтар дереккөзі ретінде Ғаламтордың жылдам дамуына олардың жеңіл бейімделуіне бағытталған. Оған мультимедиялық аутрич-жұмыс, көзбен шолып көретін бейнелер жасау, лонгридтер, сторителлингтер, фактчекингтер мен дата журналистика сияқты ақпарат құралдары саласындағы жаңа тенденцияларды талдау және түсіну кіреді. Сонымен қатар, құралда іскерлік және халықаралық журналистиканың, журналистік этиканың, шиеленістерді жариялаудың жаңа форматтары, көп этникалық мәселелерге сезімтал қатынастың маңыздылығы, сондай-ақ журналистік қауіпсіздік бейнелеп көрсетілген. Кітап журналистерге, БАҚ саласындағы сарапшыларға, мемлекеттік қызметшілерге, ғалымдарға, оқытушыларға, университеттер студенттеріне және БАҚ пен журналистиканың дамуына мүдделі кең жұртшылық тобына ұсынылады. Оқу құралы қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді.
Ілеспе оқу курсы мынадай: http://journalismcourse.kz/ мекенжай бойынша қолжетімді.
Осы құжатта жарияланған көзқарастар, ой-пікірлер және басқа да ақпарат Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) көзқарасы болып есептелмейді, егер құжаттың авторы ЕҚЫҰ екендігі көрсетілген жағдайда ғана, ол ұйымның көзқарасы болып саналады.