ЕҚЫҰ Қазақстанда құжаттар қауіпсіздігі мен сәйкестендіру мәселелері жөнінде шекарашыларды оқытуда
2017 жылы 19 мамырда Астана қаласында жалған құжаттарды анықтау және сәйкестендіру техникалары бойынша ЕҚЫҰ қолдауымен 30 шекарашыларға арналып ұйымдастырылған бес күндік тренинг семинар аяқталды.
Аустрияның Федералды ішкі істер министрлігінің сарапшылары құжаттардың халықаралық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі озық тәжірибемен, соның ішінде шекаралық бақылау кезінде жалған жол жүру құжаттарын анықтау тәсілдерімен бөлісті. Қатысушылар сонымен қатар құжаттар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полимерлі субстраттарды пайдалану, баспаның дәстүрлі техникалары, фотосуреттерді қорғау, екінші қайтара анықтау мен профильдеу мәселелерін талқылады. Қазақстанның ұлттық сарапшылары шекаралық бақылау рәсімдерін өткізу барысында жолаушылармен туындайтын шиеленіс жағдайларын шешудің техникаларын ұсынды.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстандағы АҚШ елшілігімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен ынтымақтастықта және ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ету департаментінің Жол жүру құжаттарының қауіпсіздігі бағдарламасының қолдауымен үйымдастырылды. Курс Экспо 2017 дайындық аясында қабылдаушы елдің сұранысы бойынша жүзеге асты.
Осы тақырып бойынша келесі тренинг семинар қыркүйек айында Алматы қаласында ұйымдастырылатын болады.
Семинар Қазақстанда шекара қауіпсіздігі концепциясын дамыту бойынша Офистің ұзақ мерзімді қызметінің, сонымен қатар ЕҚЫҰ Трансұлттық қауіптерге қарсы әрекет ету департаментінің Жол жүру құжаттарының қауіпсіздігі бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады.