ЕҚЫҰ қолдауымен жаңа оқыту курсы Қазақстанда экологиялық білім беруді ілгерілетуде
ЕҚЫҰ қолдауымен әзірленген экологиялық хабардарлықты арттыру бойынша оқулық 2017 жылғы 5 мамырда Астанада өткен орта білім беруді жетілдіру бойынша дөңгелек үстелде ұсынылды.
Білім және ғылым министрлігінің соңғы мақұлдауынан кейін аталған курс Қазақстанның жалпы білім беру мектептерінде алтыншы және жетінші сынып оқушыларына элективті курс ретінде оқытылатын болады.
Іс-шараны ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі «Жандану әлемі» қоғамдық қорымен және Білім және ғылым министрлігімен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
60-қа жуық Қазақстанның жалпы білім беру мектептерінен келген мұғалімдер және Білім және ғылым министрлігінің өкілдері Қазақстандағы экологиялық білім берудің және дамыған елдердің тәжірибесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын жетілдірудің мәселелерін талқылады. «Жандану әлемі» өкілдері өткен жылы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қаржылық қолдауымен әзірленген «Экологиялық мәдениет» оқыту курсын ұсынды.
Іс-шара Қазақстанның жасыл экономикалық өсуді ілгерілету бойынша мақсаттарына сәйкес келеді, сонымен қоса ресурстарды тұрақты басқаруын қолдау және қабылдаушы елдегі экологиялық хабардарлықты арттыру бойынша ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.