ЕҚЫҰ Қазақстандағы судьяларды қоршаған орта мәселелері бойынша оқытуда
ЕҚЫҰ қолдауымен Астанада бүгін 2017 жылғы 14 сәуірде азаматтық істері бойынша экологиялық заңнаманы сот тәртібінде қолдану мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Аталған іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Жоғарғы Сотпен және Жоғарғы Соттың жанындағы Сот төрелігі академиясымен бірлесіп елдің барлық түпкірінен келген 35 облыстық судья үшін ұйымдастырды. Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының (БҰҰ ЕЭК) сарапшысы қатысушыларды «Ақпаратқа қол жеткізу, шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы» БҰҰ ЕЭК-тің конвенциясын (Орхус конвенциясы) орындау барысында пайда болатын дауларды шешу жолдары туралы оқытты.
Қатысушылар азаматтық істер, басқа халықаралық құралдар, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық істерді қарастыру кезінде ұлттық экологиялық заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістермен танысты. Сонымен бірге олар топтық жаттығуларға қатысты, мысалы, экологиялық заңнаманы бұзудың мүмкін жағдайларын талқылады және соттағы мүмкін дауларды қарастырды.
Іс-шара Офистің қабылдаушы елге оның Орхус конвенциясын іске асыру үшін ұлттық институционалдық және құқықтық аясын жетілдіруге қатысты өз міндеттемелерін орындауына ықпалдастық көрсету жөніндегі көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.