ЕҚЫҰ Қазақстанда кәсіпкер-әйелдер үшін жасыл технологиялар бойынша оқыту семинарлар топтамасын бастауда
2017 жылы 13 сәуірде Астана жанындағы Арнасай ауылында ЕҚЫҰ қолдауымен Ақмола облысының ауылдық өңірлерінен келген 25-ке жуық кәсіпкер-әйелдер жасыл технологияларды қолдану бойынша үш оқыту семинарының алғашқысына қатысты.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Жасыл» экономика және «G-Global» дамыту коалициясымен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырды. Қатысушылар жасыл технологияларды ауылдық өңірлерде қолдану мәселелерімен танысты. Талқылаулар суару технологияларын қолдану аспектілері, күн жылыжайларын пайдалану, органикалық егін шаруашылығы, құрттардың көмегімен биогумусты өндіру және күн бақтары мәселелеріне негізделді. Қарағанды және Ақмола облыстарының ауылдарында тұратын әйелдер үшін соңғы екі оқыту семинары тағы да Арнасай ауылында өтетін болады.
Бұл іс-шара Бағдарламалар офисінің жасыл экономика және тұрақты даму қағидаттарын, сондай-ақ гендерлік ұстанымды ілгерілетуге бағытталған ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.