ЕҚЫҰ/ДИАҚ Қазақстандағы мерзімінен ерте президенттік сайлауының бақылау Миссиясын бастайды
Астана, 1 наурыз 2011 – Бүгін ЕҚЫҰ-ның Демократия институттары және адам құқықтары жөніндегі бюросы Қазақстан Республикасында сәуірдің 3-і күні 2011ж. мерзімінен ерте президенттік сайлауы өткізілетіне байланысты миссиясының ашылуын жариялады.
Бұл миссияны Дааном Эвертстың басқаруымен Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі шақырды. Ол Алматы мен Астанада жұмыс істейтін 15 эксперттен, сайлауға дейін бір ай қалғанда бүкіл мемлекет бойында таралатын 28 ұзақ мерзімдік бақылаушылардан құралады.
Сонымен қатар ДИАҚ сайлауға дейін біраз күн қалғанда, ЕҚЫҰ-ның қатысушы мемлекеттердің атынан 400 қысқа мерзімдік бақылаушылардың жіберулерін сұрайды. Олар сайлау участогінің ашылуын, сайлауын, дауыс санауын және мемлекет бойында жалпы нәтижелерін бақылайды.
Миссия сайлаудың өткізілуі ЕҚЫҰ принциптеріне және халықаралық демократиялық сайлауының үлгісіне сәйкестігін, сонымен қатар мемлекеттің заңнамасына сәйкестігін бағалайды. Бақалаушылар саяси үгіт жүрісін, сайлау заңнамасын және оның заңда қолданылуын, БАҚ жайында жағдайын, сайлау комиссияларының және басқа да маңызды мемлекеттік құрылымдарының жұмысын, сонымен қатар таластылық жағдайының туындалуы кезіндегі шешілу процесін мұқият зерттейді.
ДИАҚ президенттік сайлауының бақылау миссиясы ЕҚЫҰ-ның Парламенттік ассамблеясының делегациясымен бірге өз талаптарын біріктіреді.
Мәлімдеме дауыс беру өткізілгеннен кейін келесі күні миссияның алдын ала жасалынған қорытындарлары мен нәтижелерімен бірге жарияланады. Сайлау процесін бақылауы бойынша қорытынды есептеме миссияның жұмысы біткеннен кейін сегіз апта аралығана жуық уақыттан кейін дайын болады.
ДИАҚ-ның президенттік сайлауын бақылау миссиясы және Астанадағы ЕҚЫҰ орталығы алынғын мандаттарына сәйкес бір-бірінен тәуелсіз жұмыс атқарады.
Қосымша ақпарат алу үшін келесі адамдармен хабарласыңыз:
Эльма Шехалич ханым, бұқаралық ақпарат талдаушысы, тел.: +7 701 9293409 немесе электрондық поштасы: elma.sehalic@odihr.kz
Иенс Эхенбахер мырза, ЕҚЫҰ/ДИАҚ пресс-хатшысы, тел.: +48 603 683 122 немесе электрондық поштасы: jens.eschenbaecher@odihr.pl