Қазақстан Республикасы парламенттік сайлауды қадағалауға келген ДИАҚБ бақылаушылары сейсенбіде баспасөз маслихатын өткізеді
НҰР-СҰЛТАН, 7 Желтоқсан 2020 - ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) бақылаушылары сейсенбіде 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін парламенттік сайлауды бақылау миссиясының ашылуына арналған баспасөз конференциясын өткізеді.
Не:
• ДИАҚБ-ның сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссиясының рөлі және оның жоспарланған қызметімен таныстыру
• Пресс-конференцияға жеке өзі немесе Zoom арқылы қатысуға болады (толық ақпарат төменде)
Кім:
• Ярослав Марцин Домански, ДИАҚБ-ның сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссиясының басшысы
Қашан:
• 2020 жылғы 8 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 14.00 (GMT +6)
Қайда:
• Сарыарқа 3, Радиссон қонақ үйі, Сарыарқа даңғылы, 4, Нұр-Сұлтан қаласы
Тіркелу:
• Егер сіз баспасөз конференциясына жеке қатысатын болсаңыз, тіркелудің қажеті жоқ, тек журналистердің сұрақтары алынады
• Zoom арқылы қатысу үшін тіркелуіңізді өтінеміз: Катя Андруш, ДИАҚБ баспасөз хатшысы, katya.andrusz@odihr.pl және Элма Шехалич, медиа-талдаушы: elma.sehalic@odihr.kz