ДИАҚБ Қазақстанға сайлау барысын бақылайтын ұзақ мерзімді миссиясын жолдайды
АСТАНА, 17 шілде 2007 жыл – ЕҚЫҰ/Демократиялық институттар жəне адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ) Қазақстанда 18 тамызда өтетін парламент сайлауын бақылайтын миссиясын ашты.
Миссия Қазақстан Үкіметінің шақыруы бойынша жіберілді, ол Мəжіліске жəне Парламенттің төменгі палатасына өтетін сайлау қызметін бақылайды. Сайлау Конституцияға жəне сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістермен жаңа сайлау жүйесі арқылы атқарылады.
Елші Любомир Копайдың басқаруындағы миссия Астана мен Алматыда болатын 19 сарапшыдан, сондай-ақ елдің барлық аймақтарын қамтитын ұзақ мерзімді 36 бақылаушыдан құралады. Сондай-ақ, Демократиялық институттар жəне адам құқықтары жөніндегі бюро ЕҚЫҰ-ға мүше елдерден қысқа мерзімді 400 бақылаушыны сұратпақ, олар сайлау күнін, сайлау учаскілерінің ашылуын, сайлау барысын жəне берілген дауыстың есептеу барысын бақылайды.
Миссия парламенттік сайлаудың сайлау процестерінің демократиялық принциптеріне, бұған қоса ЕҚЫҰ-ға кіретін 56 ел қабылдаған міндеттемелерге, сондай-ақ оның ұлттық заңнамаға сəйкестігін де бағалайды.
Бақылаушылар сайлау барысын аса мұқият бақылайды, сайлауға қатысты тиесілі мемлекеттік органдар мен сайлау əкімшілігі атқаратын қызметті, сайлау заңнамасы мен оның қолданылуын, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын, сайлауға қатысты туындайтын дау-дамайды шешу қызметтерін, сондай-ақ электрондық дауыс беру жұмысын бақылайды.
Миссия өз қызметін Консильо Ди Ниньо мырзаның жетекшілігіндегі ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқа мерзімді бақылаушылар тобымен бірлесіп атқаруды көздейді. Сондай-ақ, Миссия Еуропа Кеңесінің парламенттік делегациясымен де бірлесе қызмет атқарады.
Сайлауды бақылайтын Миссия ЕҚЫҰ/ДИАҚБ жəне Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы өз қызметтерін тəуелсіз түрде, бөлек мандаттардың негізінде атқарады.