Жаңалықтар
Дүйсенбі күні Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлауға халықаралық байқаушылар баспасөз конференциясын өткізеді
ASTANA 17 наурыз 2023
АСТАНА, 2023 жылғы 17 наурыз – Халықаралық байқаушылар Қазақстандағы кезектен тыс парламент сайлауынан кейінгі алғашқы қорытындыларын ұсыну үшін баспасөз конференциясын өткізеді.
Не туралы:
- Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлауға халықаралық байқаушылар миссиясының баспасөз конференциясы
- Журналистер баспасөз конференция жеке өзі немесе Zoom арқылы қатыса алады (мәліметтер төменде)
- Барлық қалғандары үшін баспасөз конференциясы жұртшылық үшін ашық және оны www.facebook.com/osce.odihr және www.oscepa.org сайттарында тікелей эфирде бақылауға болады.
Кім:
- Ирен Чараламбидес, ЕҚЫҰ-ның сайлауды бақылау жөніндегі қысқа мерзімді миссиясының арнайы үйлестірушісі және жетекшісі
- Рейнхольд Лопатка, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы (ЕҚЫҰ ПА) делегациясының жетекшісі
- Оуэн Мерфи, ДИАҚБ сайлауды бақылау миссиясының жетекшісі
Қашан:
- 2023 жылғы 20 наурызда жергілікті уақыт бойынша 15:00 (GMT +6).
Қайда:
- Radisson Hotel Astana, Сарыарқа даңғылы, 4, Астана қ. Сарыарқа III залы, бірінші қабат
Тіркеу:
- Баспасөз конференциясына жеке қатысу үшін тіркелудің қажеті жоқ, бірақ сұрақтар тек журналистерден алынады.
- Zoom арқылы қатысқысы келетін және сұрақ қойғысы келетін журналистер үшін ДИАҚБ шектеулі бақылау миссиясының ресми өкілі Томас Раймер, thomas.rymer@odihr.kz және Егор Тилпунов, медиа талдаушысына, egor.tilpunov@odihr.kz тіркелулеріңізді сұраймыз. 19 наурыз-жергілікті уақыт бойынша 11:00-ге дейін.