Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы әңгі емінсектік әрекеттерінің зерттелуіне қолдау көрсетуде
2012 жылдың 7 желтоқсанында Алматы қаласында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен әңгі емінсектік әрекеттерін зерттеу мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында көпшілік назарына әңгі емінсектік әрекеттерін зерттеу нәтижелері мен ұсыныстар ұсынылды. Зерттеу аясында Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында бес жүз әйел мен ер азаматтар арасында әңгі емінсектік әрекеттері мәселесі бойынша сауалнама жүргізілген болатын.
Осы орайда, әңгі емінсектік әрекеттері мәселесі төңірегінде Қазақстан Республикасы заңнамасы заң тұрғысынан електен өткізіліп, медициналық практика сараланды.
Дөңгелек үстел басында ҚР Парламентінің, ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Әділет министрлігінің, Алматы қаласының Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің, Алматы қаласының құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының профессорлары бас қосты.
Ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – Қазақстанда жалпы әңгі емінсектік әрекеттері мәселесі бойынша сауаттылықты арттыру, адам құқығының бұзылуына жататын мұндай күрделі мәселеге жол бермеу және оны жою бойынша ауқымды шара қолдану үшін бұл мәселеге қоғам мен мемлекет назарын аударту. Іс-шара кезінде қабылданған ұсыныстардың бірі - әңгі емінсектік әрекеттерінің концепциясын өзге мемлекеттердің озық тәжірибесі негізінде ұлттық заңнама аясында түсіндіру.
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, Елші Наталия Зарудная: «Небәрі 10 жыл бұрын посткеңес кеңістігінде мұндай мәселелер мүлдем жоқ болса, бүгінде де қоғамдық қарым-қатынастар дамып отырған шақта «харрасмент» мәселелері күннен-күнге өзекті болып, түйткілді мәселеге айналып келеді».
Аталмыш жоба Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен және «Азаматтық қоғамды дамыту» Қоғамдық қорымен ынтымақтаса отырып, іске асырылып келеді.