ЕҚЫҰ Азшылық ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азия білім беру бағдарламасының көп тілді білім беру мәселелері жөніндегі Өңірлік мектебі Алматыда өз жұмысын бастауда
Алматы, 2018 жылдың 3 желтоқсаны. – Бүгін 120 астам қатысушы, солардың ішінде Орталық Азия елдерінен, Моңғолиядан және тағы басқа елдерден келген институт оқытушылары, мектеп директорлары, мұғалімдер, жаттығушылар және сарапшылар – бірігуге және Орталық Азияның тұрақты дамуына жәрдемдесу мақсатында көп тілді және көп мәдениетті білім беру мәселелері жөніндегі бес күндік ашылып жатқан Өңірлік мектепке Алматыға жиналды. Бұл іс-шараны ЕҚЫҰ Азшылық ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының (АҰЖК) офисі жыл сайын, бұл жолы – «ӨРЛЕУ» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ бірлесе отырып өткізді.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Басшысы, елші Дьердь Сабо Орталық Азия елдеріне назар аударатын Өңірлік мектептің жұмысын ашып, алуан түрлі қоғамдастықтарды біріктіру үрдісіндегі көп тілді және көп мәдениетті білім берудің аса маңызды рөлін атап өтті. «Екі тілді және көп тілді білім берудің құндылығы тек білім беру саласымен ғана шектелмейді», - деді ол. «Сондай-ақ ол бірлескен қызметтің катализаторы ретінде әрекет етеді және азаматтарға этникалық шығу тегіне қарамастан, өзара түсіністікке жетуге мүмкіндік беретін артықшылық болып табылады».
Аға кеңесші Марк Фумагалли Өңірлік мектептің қатысушыларына арнап сөз сөйлей отырып, Өңірлік мектептің жұмысы барысында оның қатысушылары алатын тәжірибелік дағдылардың, сонымен қатар білім беру саласы өкілдерінің көп тілді және көп мәдениетті бағдарламаларды енгізу ісіндегі өзара кәсіби баюының маңыздылығына ерекше көңіл бөлді.
Өңірлік мектеппен жүргізілген жұмыстың бір аптасы ішінде оның қатысушылары мемлекеттік тілді меңгере отырып, туған тілде оқуға жәрдемдесу үшін көп тілді және көп мәдениетті білім берудің пилоттық бағдарламасы енгізілетін Алматының ұйғыр және орыс тілдерінде білім беретін балабақшалары мен мектептеріне барды, бұл біріктіру үрдісінің түйінді факторы болып табылады.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Алматыдағы ЮНЕСКО Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Кластерлік Бюросының, сонымен қатар Қырғызстандағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қолдауымен өткізілді.
АҰЖК өңірдегі мемлекеттер арасында екі жақты және көп жақты ынтымақтастықты дамыту, азшылық ұлттардың өкілдері үшін туған тілде білім беру сапасын жақсарту және алуан түрлі қоғамдастықтардың көп тілді және көп мәдениетті білім арқылы бірігуіне жәрдемдесу мақсатында 2012 жылдан бастап Орталық Азия Білім беру Бағдарламасын (ОАББ) жүзеге асырады.