ЕҚЫҰ Азшылық ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Шығыс Еуропада, Кавказда және Орталық Азияда көптілді білім беру арқылы интеграцияны қолдайды
ЕҚҰЫ Азшылық ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының офисі «ӨРЛЕУ»біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен ынтымақтастықта 2017 жылдың 4 желтоқсанынан бастап, 8 желтоқсанына дейін Шымкент қаласында тұңғыш «Шығыс Еуропа, Кавказ бен Орталық Азия елдері бойынша интеграциялау және тұрақты даму мақсатында көптілді және полимәдениетті білім беру мәселелері бойынша мектепті» ұйымдастырды.
ЕҚЫҰ-ның Шығыс Еуропа, Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азиядағы он қатысушы мемлекеттерінің білім берудің әр түрлі органдарының өкілдері мен практиктеріәдістемелік негізделген форматта көптілді және полимәдениетті білім беруді енгізу және ілгерілету бойынша өз білімдерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, қатысушылар Оңтүстік Қазақстандакөптілді және полимәдениетті білім берубағдарламаларын жүзеге асыратын немесеқабылдайтын мектептерге барды.
Шара қатысушы мемлекеттер мен АҰЖК арасында әрі қарай ынтымақтасуға көмектесу мақсатымен ұйымдастырылған. Сонымен қатар,ел аралық білім беру желісін құру мүмкіндігі зерттелді.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің басшысы, елші Дьердь Сабо далалық миссия атынан шараны ашты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігімен, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан бойынша Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросымен және Қырғызстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар қорымен(ЮНИСЕФ) қолдау көрсетіледі.