ЕҚЫҰ Қазақстанда 2011 жылғы Вена құжаты жөнінде өңірлік семинар өткізеді
АСТАНА, 23 мамыр 2017 ж. – Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатын практикалық іске асыру жөнінде әскери қызметшілер үшін төрт күндік оқу курсы басталды.
Беларусь, Венгрия, Германия, Италия, Франциядан және ЕҚЫҰ ынтымақтастық саласындағы форумынан әскери және азаматтық сарапшылар өз тәжірибесімен бөліседі және қатысушылар осы саладағы дамуды талқылайды.
Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Монғолия, Тәжікістан мен Түркменістаннан шамамен 40 әскери қызметші семинарға қатысады, оған теориялық сабақтар және 26 мамырда Астана маңыңдағы 36-ші десанттық-шабуыл бригадасына оқу тексеру сапар кіреді. Қатысушылар Вена құжатының сәйкестік және верификаттау жөніндегі ережелеріне сәйкес бағалау жүргізеді және есеп дайындайды.
Вена құжатын ЕҚЫҰ барлық қатысушы мемлекеттері қабылдайды және оларды әскери күштер мен әскери қызмет жөнінде ақпаратпен алмасуды міндеттейді. Сонымен қатар, онда көрсетілген ауданды бағалау және тексеру, сондай-ақ тәуекелдерді азайту, әскери байланыстар мен ынтымақтастық және белгілі әскери қызмет туралы алдын ала хабарламалар бойынша қабылдаушы тараптың сапарлары кезінде функцияларын қамтамасыз ету сияқты сәйкестік пен верификаттау туралы ережелер бар.
Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Генерал-майор Талғат Мұхтаров өзінің кіріспе сөзінде: «Вена құжаты ЕҚЫҰ қызметінің әскери-саяси өлшеулерінің аса маңызды құралдарының бірі болып табылады, ол үшін ынтымақтастық, транспаренттік, сенімді күшейту және верификаттау режимі әрдайым тән», - деп атап өтті.
«Қазақстан Вена құжаты шеңберіндегі міндеттемелерді және басқа сенім мен қауіпсіздік шараларын орындауға қатысты үлгілі ел болып табылады. Бұл іс-шараларды басқа қатысушы мемлекеттерге қауіпсіздік жөніндегі осы негізгі келісімдер шеңберінде олардың алынған міндеттемелеріне қолдау көрсету мақсатында жүргізген қолайлы»,- деп атап өтті Қақтығыстардың алдын алу жөніндегі орталықтың Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форумның қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, полковник (отставкадағы) Робин Моссинкофф.
«Осындай іс-шаралар арқылы біз Вена құжатының ережелерін зерттей аламыз, сондай-ақ басқа офицерлермен формалды емес байланыстарды дамыта және Құжаттың рухын жақсы түсіне аламыз», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Колин Маккалоу.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі өңірлік оқу курсын Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен ынтымақтастықта ұйымдастырды. Офис Қазақстанда Вена Құжаты жөніндегі оқу курстарын 2006 жылдан бастап жүргізеді.