Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы адам саудасымен күрес мәселесі бойынша судьяларды оқытады
20 қараша 2012 ж. Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы адам саудасына қарсы әрекет қолдану және адам саудасының құрбандарын сотта қорғау мәселелері бойынша бірқатар семинарлар өткізді.
Осы орайда, адам саудасына жол бермеу және онымен күресу, сондай-ақ адам саудасымен айналысқандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту саласында халықаралық құқықтық құралдарды қолдану мәселесі бойынша Қазақстанның әр аймағынан 250 жуық судья арнайы оқытудан өткен болатын.
Екі күнге созылған семинарларды халықаралық және жергілікті сарапшылар өткізді. Қатысушылар адам саудасына қатысты қылмыстық істер бойынша сот практикасы мен тиісті ұлт заңнамасының тиісінше қолданылуын сараптап, саралады.
«Адам саудасына қатысты қылмыстық іс қозғап, оны нәтижелі тергеу және адам саудасының құрбандарын қорғау үшін адам саудасымен жүргізелетін күресте құқық үстемдігі басты болып табылады»,- деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, Елші Наталья Зарудная. «ЕҚЫҰ Орталығы қылмыстық сот өндірісінде де, азаматтық және әкімшілік сот өндірісінде оқыту жүргізу және озық тәжірибе алмасу арқылы сот жүйесін жақсарту және заманауи өзгерістерге дер кезінде іс-қимыл қолдану жолында Қазақстанға қолдау көрсетеді».
Семинарларды Астандағы ЕҚЫҰ Орталығы, Қазақстандағы АҚШ елшілігімен және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп ұйымдастырды.