Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы лаңкестікпен күресу мәселесін талқылауға жағдай жасауда
2012 жылғы 22 қараша, АСТАНА – Парламент мүшелерінің, халықаралық және отандық сарапшылардың, академиктер мен құқық қорғау органдарының 50-ге жуық өкілдерінің басын қосқан лаңкестікпен күресу жөніндегі бір күндік халықаралық конференция бүгін Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде ЕҚЫҰ қолдауымен жүргізілді.
Аталмыш шара Қазақстан Криминологтар одағының және Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформасы жөніндегі комитетінің қолдауымен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен ұйымдастырылды.
Қатысушылар лаңкестік феноменін және онымен күресудің заманауи әдістерін талқылады. Лаңкестіктің әлеуметтік-экономикалық аспектілері, адам құқығын қорғау және лаңкестікке қарсы шараларды жүргізу кезінде заң үстемдігін сақтау қажеттігі, сондай-ақ лаңкестіктің алдын алу және онымен күреске бағытталған мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара әрекеттестіктің қажеттілігі талқылау тақырыбына арқау болды.
«Мемлекеттер лаңкестікпен жалғыз күресе алмайды және күреспеуі тиіс. Тек қоян-қолтық әрекеттесу мен күш біріктіру арқасында айтулы нәтижелерге қол жеткізуге болады» - деді конференция қатысушылары сөйлеген сөзінде Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Басшысы, Елші Наталия Зарудная.
«Адам құқығы жөніндегі халықаралық стандарттарды бұзатын лаңкестікке қарсы шаралар өзара ұтымды. Адам құқығын қорғау лаңкестікке қарсы әрекеттестікке қайшы келмейді, сонымен қатар лаңкестікпен күресудің ажырамас бөлігі болып табылады».
Елші Зарудная сонымен қатар ЕҚЫҰ-ның негізгі құжаттарына сәйкес адам құқығын құрметтеу және дамытуға ықпал ету өздігінен лаңкестіктің алдын алу бойынша ең пәрменді құрал болып табылатынын атап өтті.
Бұл шара Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қабылдаушы тарапқа лаңкестікті болдырмау және онымен күрес бойынша қызметінің бір бөлігі болып табылады.