ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы журналистік білімнің жақсартылуына ықпалдасуда
АЛМАТЫ, Қазақстан, 1 қараша 2012 жыл. – Журналистік білім сапасын жақсарту Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы «Мінбер» Қоғамдық қорымен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен және ЮНЕСКО Алматы кластерлік бюросымен бірлесіп ұйымдастырған дөңгелек үстел барысында талқыланған тақырып болды.
Дөңгелек үстел жұмысына 40 астам медиа-сарапшы мен аймақтардағы журналистика факультеттерінің өкілдері, сонымен қатар азаматтық қоғам сарапшылары қатысты. Қатысушылар қазіргі заманғы журналистік білімнің өзекті мәселелерін талқылап, журналистік білім сапасын жақсарту бойынша бірқатар ұсыныстар әзірледі.
Дөңгелек үстел журналистика факультеттерінің оқытушыларына арналған екі күндік тренингпен жалғасатын болады. Тренинг барысында заманауи медиа-технологиялардың пайдаланылуына, конвергенттілік пен журналистік этика мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.
«Кәсіби журналистік білімнің қарқынды дамып келе жатқан жоғары технологиялар мен ақпарат таратудың сандық форматына сай келуі ақпарат берудің дәстүрлі формасынан жаңа медиа-ресурстарға көшіп жатқан тұста, соның ішінде жаһандық ғаламтор желісін кеңінен қолданып отырғанда аса өзекті болып отырғаны сөзсіз. Аталмыш жоба жас медиа-кәсіпқойларға елдегі журналистік білімнің қазіргі ахуалы жөнінде хабардар болуға және тәжірибе алмасып, алдағы міндеттерді талқылауға тамаша мүмкіндік ұсынып отыр»,- деді Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Эндрю Оффенбахер.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінің деканы: «Бұл жобаның университеттер мен БАҚ өкілдеріне келтірер пайдасы зор. Өйткені ол қазіргі нарық заманында журналистік білім саласында ынтымақтастық орнатуға көмектеседі. Бүгінгі дөңгелек үстелдің жұмысына қатысып, журналист мамандардың дайындалуын жетілдіру мәселесінде өз ойларымен біліскен университеттер өкілдері мен медиа-кәсіпқойлардың қатысқаны мен үшін үлкен қуаныш».
Мұндай игі бастама ЕҚЫҰ Орталығының елдегі журналистік білімді дамытудағы қызметінің бір бөлігі және ол БАҚ еркіндігі мен қоғамның ақпаратқа қол жетімділігін арттыруға үлесін қосады.