Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы саяси шешімдерді әзірлеу кезінде гендер мәселесінің алға тартылуына ықпалдасады
2012 жылдың 18 қыркүйегінде Астана қаласында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен ұйымдастырылған, Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері үшін гендерлік мәселелерді интеграциялау тақырыбына арналған семинар басталды.
Төрт күндік семинар Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының Қазақстан Үкіметі мен азаматтық қоғамына гендерлік теңдікті арттыруға, әйел құқықтары мен мүмкіншіліктерін арттыруға ұзақ уақыттан бергі жәрдемдестігінің бір бөлшегі болып табылады. Семинар Мемлекеттік Қызмет Академиясымен, БҰҰ Әйелдер және Ұлттық Демократиялық Институтпен (ҰДИ) бірлесіп ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – орта буынды мемлекеттік қызметшілердің гендерлік сараптау жүргізу, гендерлік бағдар алған бюджеттендіру мен саясатқа баға беру мәселелеріндегі кәсіби дағдыларын арттыру. Семинарға облыстық және орталық мемлекеттік органдардан жиналған гендерлік сараптау жүргізетін 40 өкіл-маман қатысады. Семинар қатысушылары мемлекеттік саясаттағы кешенді гендерлік тәсілді зерделеп, гендерлік теңдік саласындағы нормалар мен стандарттарды орындау кезінде туындайтын мәселелерді талқылайтын болады.
Семинардың алдында гендерлік статистика көрсеткіштерін арттыру мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Аталған дөңгелек үстел ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен Статистика жөніндегі агенттіктің, БҰҰ Әйелдер және Ұлттық Демократиялық Институттың ынтымақтасуымен 2012 жылдың 17 қыркүйегінде өтті. Дөңгелек үстелдің жұмысына жиналған мемлекеттік ведомствалар мен халықаралық ұйым өкілдерінен құралған 20 шақты қатысушы 2006 жыл мен 2016 жыл аралығында Қазақстанда гендерлік теңдіктің орнауына қол жеткізуде жүргізілетін іс-қимылдардың Ұлттық жоспарын әзірлеу кезінде пайдаланылатын статистикалық деректерді жақсартудың жолдарын талқылады.