ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған, Алматы қаласында өткен конференцияда қауіпсіздікке үндеу мәселелері талқыланды
АЛМАТЫ, 2012 жылғы 23 қазан - мемлекеттік басқару органдарының 80 астам өкілі, Орталық Азия елдерінің мемлекеттік және тәуелсіз аналитикалық құрылымдарының жетекші сарапшылары, халықаралық және үкіметтік емес ұйым, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері бүгін Алматы қаласында өткен конференцияда 2010 жылы мерейтойлық Астана декларациясында расталған ЕҚЫҰ міндеттемелерінің орындалу жайлы талқылады.
Іс-шарада қатысушылар қауіпсіздік мәселелерін шешу бойынша бірқатар ұсыныстар ұсынып, мерейтойлық Астана декларациясын ЕҚЫҰ орындау мәселесінде: үш бағыт –әскери-саяси өлшем, экономикалық және экологиялық саясат және адам құқықтырын іске асыру бойынша қауіпсіздік қоғамдастығы жолында өз көзқарастарымен бөлісті.
Форумның жұмысына сондай-ақ Орталық Азия елдерінен, ЕҚЫҰ Гамбургтегі зерттеу орталығынан, Украина Сыртқы істер министрлігінен келген сарапшылар мен ЕҚЫҰ Хатшылығының Шиеленісті болдырмау орталығының Директоры Адам Коберацкий қатысты.
«Біз Елбасы мен үкімет қойған міндеттер мен ЕҚЫҰ Саммитінің Астана декларациясында көрсетілген инклюзивті және тегіс қамтыған Еуроатлантикалық және Еуразиялық қауіпсіздік қоғамдастығын құру міндеттерін орындау үшін бар күшімізді салуымыз керек» - деді ҚР Сыртқы істер министрлігі Сыртқы саяси талдау және болжау комитетінің төрағасы Сержан Әбдікәрімов.
Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтының Директоры Болат Сұлтанов: «ЕҚЫҰ төрағалық еткен Қазақстан бұл халықаралық ірі ұйымның таптырмас екендігін тағы қайталап, ЕҚЫҰ пайдасына өзінің нық әрі принципиалды позициясы жөнінде кесіп айтты».
ЕҚЫҰ Хатшылығының Шиеленісті болдырмау орталығының Директоры Адам Коберацкий қауіпсіздік қоғамдастығының дамуы ұйым үшін үндеу болып қалуда: «Астана декларациясында көрсетілген міндеттердің орындалуы инклюзивтілікке, өзара сыйласымдыққа, толеранттылыққа, икемділік пен шыдамдылыққа негізделген диалог пен өзара әрекеттестікті одан әрі жалғастыруды талап етеді».
Конференция материалдары жарияланып, мүдделі тараптар арасында, соның ішінде ЕҚЫҰ институттары – қатысушы мемлекеттер арасында таратылатын болады.
Конференцияны Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен, ҚР Сыртқы істер министрлігімен, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер институтымен бірлесіп ұйымдастырылды.